Открытие многофункционального центра по оказанию придорожного сервиса в селе Атамекен

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
10.06.2019

Атамекен ауылында көпфункционалды ТЖО ашылды

Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылында автокөліктерге техникалық қызмет көрсететін орталық ашылды.

IMG_20190130_164539.jpg

2004 жылдан бастап көлік жөндеу орындарында жалдамалы қызметкер болып жүрген Қайырмұхамедов Талғат Мыңбайұлы 2009 жылдан бері автокөлік жөндеу бизнесімен айналыса бастады.

Кәсіпкердің меншігінде қазір Ақтау қаласында және Мұнайлы ауданында жалға берілетін үш ТЖО бар. Бизнесті кеңейту және ғимаратты жалға алу құнын төмендету үшін "Қайырмұхамедов Т.М" ЖК жалпы ауданы 1000 шаршы метрден астам екі қабатты ғимарат салды. Онда үш автокөлік жуу орны, қызмет көрсету пункті, автобөлшектер дүкені, асхана және екінші қабатта кеңсе орналасқан.

IMG_20190130_161221.jpg

Ғимарат күре жол бойында техникалық қызмет көрсетудің көп функциялы орталығы болып саналады. Білікті мамандар көліктің бойындағы барлық ақауын анықтап, кетеуі кеткен жерін жөндеп бере алады. Ғимарат Ақтау қаласынан 2-3 шақырым жерде, ірі жолдың бойында, ыңғайлы орналасқан.

IMG_20190130_161510.jpg

Осы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпкер «Центр Кредит Банк» АҚ-дан жылына 14% пайызбен, 5 жылға несие рәсімдеді. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің 10%-ы субсидияланды, кәсіпкер қалған 4%-ын ғана өтейді. Сондай-ақ, кепілзат жетпегендіктен, «Даму» Қоры несие сомасының 50%ы-на кепілдік ұсынды.

ТЖО мекенжайы: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы. Атамекен ауылы, т.м. Қаламқас, 179/6 жер желімі.  Ұялы телефон +7 (702) 1824204.