В рамках программы «Нұрлы жер» поддержано строительство многоквартирного дома

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
10.06.2019

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталды

«Азия Строй KZ» ЖШС 2006 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде өзін сенімді компания етіп танытты.

Компания бас мердігер ретінде:

• «Академия-2» ТК. «Шамамен 6800 м2 (2015-2016 ж.) мен

• «Нұрай» ТК (Жер аумағы 2,3 га. Тұрғын үй-жай - 18 000 м2. 2016-2018 ж.) құрылысын аяқтады.

Сондай-ақ компания елорданың инфрақұрылымдық жобаларына да белсенді қатысты.

«Нұрай» тұрғын үй кешенін жүзеге салуда мердігер құрылыстың жоғары сапасы, әралуан жоспар, кең және қауіпсіз аулалар, жабдықталған балалар алаңдары секілді тұстарына аса жауапкершілікпен қарады. «Нұрай» ТК – сол жағалаудағы іскерлік ауданға жақын орналасқан қолжетімді баспана.

IMG_9629.JPG

Жобаны аяқтау барысында компанияның қаражаты жетпей қалды. Осылайша, компания «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін екінші деңгейлі банкке жүгінді.

Несие қаражатына жалпы ауданы 17 475 м2 болатын төрт 5 қабатты үй, 440 пәтер кешен салынды.

«ЦентрКредитБанк» АҚ жылына 15,25%-бен несие берді. Оның 7%-ын субсидия ретінде мемлекет өтейді. Қалғанын кәсіпкер төлейді.

«Нұрай» тұрғын үй кешені қала шуынан аулақ, Қосшы кентінде орналасқан. Ал астананың орталығы тұрғын үй кешенінен 12 шақырым жерде. Көлік кептелісі болмаса 10 минут ішінде жетуге болады.