В г. Уральск предприниматель успешно развивает производство кондитерских изделий

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
10.06.2019

Оралдық кәсіпкер «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында тәтті шығаратын кәсіпорын жұмысын дамытты

Оралдық жеке кәсіпкер Исаев Хамзат Хатуевич «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кондитерлік өнімдер шығаратын жабдық сатып алу үшін 15 млн теңге несие рәсімдеді.

Снимок 1.PNG

Бағдарламаның субсидиялау талаптары (600 млрд теңге) бойынша «Нұрбанк» АҚ мақұлдаған 15%-дық мөлшерлеменің 7%-ын мемлекет өтесе, қалған 8%-ды кәсіпкердің өзі төлейді.
_SAM8390-min.JPG

Хамзат Хатуевич мемлекет ұсынған қолдаудың бәрін біртіндеп пайдаланып көрген. Есесіне бизнесін дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, бәсекелестерінен иығы озып келеді.

Банктер кәсіпкердің өтінімін қарастыру барысында «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қызметкерлері жан-жақты консультациялық қызмет көрсетті.

_SAM8400-min.JPG

Айта кетерлігі, Басымдық берілген жобаларды несиелендіру бағдарламасы бойынша жылдық мөлшерлемесі 15%-ға дейін несие беру көзделген. Оның 7%-ына дейін «Даму» қоры субсидиялайды. Қаржыландыруда «БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп саласы жобаларына басымдық беріледі.