В Павлодарской области поддержан проект в рамках программы "Экономика простых вещей"

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
10.07.2019

Павлодар облысында "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында жоба қолдау тапты

Нан - ас атасы. Мыңдаған жылдар ішінде адамдардың білімі, дағдылары мен күнделікті өмір салты өзгергенмен, нан - рационда қалды. Әрине, нанды пісіру әдісі, дәнді дақылдар өсіру әдісі, сұрыптары, құнары мен құндылығы өзгерді. Барлық өзгерістерге қарамастан, ұн - нан дайындайтын басты компонент болып қалды. Сондықтан нан пісіруге пайдаланылатын ұн сапалы болуы керек.

IMG_1048.JPG

"ЖАН-ДОС KZ" ЖШС - Павлодар облысы бойынша астық өңдейтін жас компаниялардың бірі. Компания 2015 жылы нарыққа шығып, өз өнімін жоғары сапалы тауар ретінде тез танытты.

Компания ұнды жаздық бидайдан дайындайды. Сапалы астықты негізінен Павлодар облысынан сатып алады. Жоғары және бірінші сұрыпты наубайхана ұны түріктің диірмен кешенінде тартылады. Компания ұнды Павлодар және Қазақстанның ірі қалалары мен ТМД елдеріне жеткізеді.

IMG_1075.JPG

іздің компанияның мақсаты - табиғи, сапалы ұн шығару. Өйткені біздің клиенттердің шығаратын өнімінің жақсы болуы біздің ұнның сапасына байланысты. Біздің ұнды нан, макарон өнімдері, кеспе,  кондитерлік өнімдер өндіруде қолданады", - дейді "Жан – ДОС KZ" ЖШС директоры Серікова Жанар Момынғазықызы. 

«Бүгінде азық-түлік мол. Тапшылық пен кезекте тұрып азық алу келмеске кетті. Бірақ менің ойымша, ең бастысы - сапа. Бүгінде көптеген сатып алушылар үшін тауардың сапасы бірінші орынға шығады. Сапа - әсіресе тамақ өнімдерін дайындацкезінде маңызды. Кәсіпкерлерге мен сапалы шикізат сатып алуға кеңес беремін. Өйткені шикізаттың сапасы өнімнің өзіне әсер етеді».

"Жан ДОС KZ" ЖШС басым жобаларды несиелеу бағдарламасы бойынша қолдау алған алғашқы жобалардың бірі. Forte банк заманауи жабдықтарды сатып алуға бес жылға 150 млн теңгеден астам несие мақұлдады. Сондай-ақ кәсіпкер тағы бір қолдау құралы – несие бойынша кепілдік беруді пайдаланды. Бағдарлама бойынша мөлшерлеме 15%-ды құрады, оның 7%-ы  субсидия, 8%-ын кәсіпкер төлейді.