В Акмолинской области благодаря государственной поддержке открыт Центр Развития

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
11.07.2019

«Жеңіл жол іздемеңіз, жетістік болмайды»

«Жеңіл жол іздемеңіз, жетістік болмайды»

Буратино даму орталығының жетекшісі Бугаенко Елена Иосифовнадан кеңестер: 

1 лайфхак: «Өзіңіз білетін іспен айналысыңыз. Жетістікті армандасаңыз - жеңіл жол іздемеңіз».

Елена Иосифовна еңбек өтілі мол педагог. Назарбаев зияткерлік мектебінде (НЗМ) бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 5 жыл бойы ол Назарбаев зияткерлік мектебіне" түсу кезінде балалардан тест қабылдады. Балалар мектеп жанындағы балабақшалардан, нөлінші сыныптардан оқуға келді. Кейбіреулері репетитордың көмегімен дайындалды. Көптеген бірінші сынып оқушылары тесттен өте алмады. Балалардың мектепке дейінгі дайындығының нашар екенін байқап, әрі 1 сыныпта оқуға ілесе алмаған балаларды оқыта отырып, Елена Иосифовна өзінің дайындық курсын ашпақ болды.

WhatsApp Image 2019-07-11 at 11.21.31.jpeg

2 лайфхак: «Іс бастағанда эмоциялға берілмеңіз, әлемдік білім әдісі, жеке тәжірибеңізге және түйсігіне сүйеніңіз»

"Назарбаев зияткерлік мектебінде" жұмыс істеген кезінде Елена жаңа бағдарламаны меңгеріп, халықаралық сарапшылармен бірге жұмыс істеді. Қолында тиісті сертификаттары бар. 2014 жылдың шілде айында Елена Иосифовна жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мектептегі жұмыстан өз еркімен кетті. Алдымен қала орталығынан 30 ш.м. шағын үй-жайды жалға алып, балаларды мектепке дайындау курсын ашты. Тәжірибе, кәсібилік пен жақсы атының арқасында оқушылар саны тез көбейді. Кәсіпкер уақыт өте келе ісін кеңейту керек екенін түсінді. Не істеу керек: ғимарат жалдап жалғастыру немесе жекеменшікке сатып алу?

IMG-20190709-WA0012.jpg

3 лайфхак: Барлық мәлімет пен ақпаратты зерттеңіз, пайдалы және дұрыс жерлерін есте сақтаңыз. Бірақ шешімді өзіңіз қабылдаңыз, тек өзіңіз. Сәттілік ие сәтсіздік те тек сіздің басыңыздан өтеді.

Үй-жайды таңдап, орталыққа лайық орын іздеу барысында  Елена көптеген достар, таныстар, туыстардың кеңестерін тыңдады. Біреу тәуекел етпей бірнеше жыл жұмыс істеуге кеңес берді. Екіншілері азырақ несие алып, арзан үй-жай сатып алған жөн деді. Өз тәжірибесі мен түйсігіне сүйенген Елена оқушыларына қай жерде жайлы болатынын анықтап, тәуекелге бел буды.

Ол қала орталығынан 102 ш.м. үй-жай тауып, "Сбербанк" арқылы несие алмақ болды. Банк 11 млн теңге несиені жылына 14%-бен, 5 жылға мақұлдады. "Даму" Қоры несиенің 6,65 млн теңгесіне кепілдік берді. Кәсіпкер "БЖК 2020" (2 бағыты) бойынша субсидия алды. 

"Буратино" даму орталығы осылай ашылды. Қазір Көкшетаудағы үздік дайындық курстарының бірі. "Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің", - дейді кәсіпкер.