Асель Есжанова: планируй свое время, делай сложные задачи в первой половине дня

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
09.08.2019

Әсел Есжанова: уақытыңды жоспарла, шаруаңды түске дейін шеш

Әсел Есжанова белсенді қыз. Ол әр күнін жоспарлап, алдына мақсат қойып, шаруаларын оңай шешеді. Әсел – «Өзінше» білім беру орталығының иесі.

Асель Есжанова.jpg

«Өзінше» білім беру үйі кез келген жастағы балаларды қосымша оқытып, дамытумен айналысады. Ағылшын, қазақ тілін үйретеді, ерте жастан бастап қаржылық сауатқа және шешендікке баулиды. Сондай-ақ Рубик шаршыларын жылдам құрастыру, шахмат ойыны, робототехника кабинеті бар. 

Білім беру үйін ашу үшін Әсел «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-нан несие алып, несие мөлшерлемесін ішінара субсидиялады. Қаражатқа компьютерлер, авторлық әдістемелер, робототехника, конструктор заттарын, жиһаз сатып алды.

20190807_115652.jpg

Үнемі өзін-өзі дамыту тренингтері мен семинарларына қатысып отыру Әселді уақытын шұғыл және маңызды міндеттерді шешу басымдығын жоспарлауға үйретті. Әселдің командасында әр түрлі деңгейдегі оннан астам маман бар. Олардың барлығына уақыт бөлу, оқытудың жоспарын жасау және келісу, балалардың ата-аналарына, серіктестерге, клиенттерге уақыт арнауды ол түске дейінге жоспарлайды. Сауатты менеджмент қалыптасырып, айқын мақсат қоя білуінің арқасында Әсел өзі де дамып ұжымының да дамуына мүмкіндік беріп келеді.