Комплексная поддержка государства помогает развивать женское предпринимательство в городе Нур-Султан

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
12.08.2019

Мемлекеттің кешенді қолдауы Нұр-Сұлтан қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көмектеседі

Лейла Абаеваның ательесі мейрамхана, қонақ үй, мемлекеттік мекеме, құрылыс, инженерлік компаниялар және т.б мекемелер үшін униформа тігумен айналысады. Сондай-ақ компьютермен кестелеуге де тапсырыс алады. Тұрақты клиенттер бар. Бизнес басшысы Лейла Абаева бала кезінде барлық кішкентай қыздар сияқты тігу ісіне қызығатын. Алдымен қуыршақтарына киім тігуді үйренді. Лейланың әжесі ҰОС кезінде төсек-орын жабдықтарын тігіп, оған кесте төгумен айналысты. Лейла оқу орнын таңдаған кезде дизайнер болу үшін сән колледжіне түскісі келді. Бірақ ата-анасы Лейладан қаржыгер болуын талап етті. Дегенмен Лейла 10 уақыт өткен соң киім тігетін өз фирмасын ашып, бала арманын жүзеге асырды. Лейла: «өз ісіңе деген махаббатың – кәсібініңнің бірегейлігі» дегенді жиі айтады.

DSC073.jpg

«Алма» ЖК 2012 жылдан бастап киім тігумен айналысты. Негізінен компания түрлі ұйымдардың қызметкерлеріне арналған арнайы киім, сыртқы киім, униформа, брендті галстук, орамал және т. б. шығарады. Осы уақыт ішінде цех жалға алынған үй-жайда орналасқан еді. Лейла жиі-жиі ірі тапсырыстар түсуіне байланысты кеңейіп, өз ғимаратын сатып алғысы келді.

«Даму» Қоры ұйымдастыратын «Ulttyq ónim» атты отандық тауар өндірушілер көрмесінің тұрақты қатысушысы Алма ЖК иесі осындай көрмелердің бірінде бизнеске деген мемлекеттік қолдаудың тиімді шарттары бойынша кеңес алды. Содан кейін Лейла өз коммерциялық жылжымайтын мүлкін сатып алуға бел буды.

Осы бизнес идеяны жүзеге асыру үшін компания басшысы «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы жылына 14,5%-бен бес жылға несие алды. Оның 7%-ын мемлекет «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялайды. Қалғанын кәсіпкер өзі төлейді. «Даму» Қоры несиенің 46%-ына кепіл болды. Осылайша кәсіпкер мемлекеттен кешенді қолдау алды.
Лейладан 3 кеңес:

  •      Әрқашан суық ақылды жоғалтпау керек. Тіпті барыңыздан айрылсаңыз да.

  •      Ешкімнің сөзіне ермеңіз. «Қолыңнан келмейді, бұл істің қайыры жоқ» деген сөзді         көп естісеңіз де тек өз түйсігіңізге сеніңіз.

  •      Өз салаңызда үздік болып, үнемі жетіліп отырыңыз.

Әлеуметтік желілердегі байланыс деректері: 87753723111, ateliernursultan, leilaabayevala