info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Ойыншық сатудан өндіріс ашуға дейінгі жол

Жаңалықтар
21.08.2019

«Navruz Plastik – ShR» маркалы Шымкент ойыншық зауытының өнімдері нарықты жаулағалы 5 жылдан асты.

1995 Рабиға Байтемірова жұбайымен бірге халық тұтынатын тауарлар сатуды бастаған болатын. Ыдыс-аяқ, парфюмерия, ойыншықтарды Қытай, Иран, Ресей, Өзбекстан елдерінен әкеп, сататын. Рабиға тауарларының ішінде ойыншық жақсы өтетінін байқайтын.

– «Біз саудамен ұзақ айналыстық.  Нарықты зерттей келе осы ойыншықтарды неге өзіміз шығармасқа деген ой келді. Ол кезде менің ұлым Қытайда оқитын. Құрал-жабдықтар, өндірістік және технологиялық процестермен бізді ұлымыз таныстырды. Нәтижесінде біз қажетті жабдықтар алып «Маг» машина-ойыншық шығаратын желіні жинадық. Сапалы полипропилен мен полиэтилен шикізатын Ресейдан сатып аламыз. Қазір бір ай ішінде 4000-6000 ойыншық шығаратын мүмкіндігіміз бар.

Кәсіпкер 2015 жылы ойыншықтардың түрін көбейту үшін Қытайдан 95 000 АҚШ доллары тұратын пресс-қалыптар, машина, квадроциклдар шығаратын қосымша құрал-жабдықтар сатып алуды жоспарлайды.

Кәсіпкер қаржы алу үшін «Даму» Қорына келіп, Қордың 50 пайыз кепілдігі арқасында кәсіпкер Kassa Nova Банкінен 14%-бен несиеге қол жеткізеді. Сатып алған жаңа технологиялық құрал-жабдықтар өндірістің қуатын 60%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Рабиға өз бизнесін ашып, дамыту барысында көмектескен 4 құпиясымен бөліседі:

  • Ұдайы алдыңызға мақсат қойыңыз. Егер сіз табысқа жеткіңіз келсе, алдын-ала болжауды үйреніңіз. Мақсат күн, апта, ай және жылдарға қойылуы тиіс.

  •  Барлық істі соңына дейін жеткізіңіз. Бүгін орындауға болатын істі ертеңге қалдырмаңыз.

  •  Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз. «Құдай адамға екі құлақ пен бір ауыз берген» деген халық даналығын есіңізден шығармаңыз.

  •  Біліктілікті үнемі арттырып отырыңыз. Біліміңізбен кәсіби дағдыларыңызды күнделікті жетілдіруді қолға алыңыз.

«Navruz Plastik – ShR» ойыншықтары, кәсіпорын туралы толығырақ білгісі келетіндер үшін байланыс тел: 8-775-733-19-68 Рабиға