info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жетібайда медициналық орталық ашылды

Жаңалықтар
25.09.2019

«Есенкосов ЖК» 2018 жылдың сәуір айында Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылында тіркелді. Басшысы Есенкосов Есболай Жиенқұлы дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, 20 жылға жуық тәжірибесі бар.

DSCN8374.JPG 

Жетібайда «Ақ ниет» деген атаумен ашылған орталық ересектер мен балаларға амбулаториялық-емхана қызметін көрсетеді. 186,3 шаршы метрді алып жатқан ғимаратта педиатр, гинеколог, кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, отоларинголог, травматолог, невропатолог секілді мамандар қабылдайды және өз зертханасы бар.

DSCN8357.JPG 

Медициналық орталыққа құрал-жабдықтар сатып алу үшін 5 287 000 теңге қаражат керек болған кезде Есболай Жиенқұлы 8,5%-бен несие алды. Өңірлік «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша оның 7,5%-ы жергілікті бюджеттен субсидияланды. Кәсіпкер қалған 1%-ын ғана өтейді.

DSCN8347.JPG⁠ 

Қазір орталық қызметтері жоғары сұранысқа ие. Әрі, орналасқан жері де ыңғайлы.

Кәсіпкер кеңестерімен бөліседі:

  • №1 кеңес - Жұмысыңызды жақсы көріңіз. Бизнес тек романтика ғана емес, есепті де сүйеді.
  • № 2 кеңес – Табандылық. Кез келген бизнестің сәтті болуы – алға мақсат қойып, оған жетуге тырысудан тұрады.
  • № 3 кеңес – Бір орында тұрып қалмау. Сәттіліктің құпиясы: ынта, білім, әрекет. Әрқашан дамып отырыңыз.

Мекенжайы: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, Аубакиров көшесі, № 27 үй.