Руководство Фонда посетило ТОО «Кондитерская фабрика Сауле» по производству вафель

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
08.10.2019

Қор басшылары вафли шығаратын «Сәуле кондитер фабрикасы» ЖШС жұмысымен танысты

Қор басшылары вафли шығаратын «Сәуле кондитер фабрикасы» ЖШС жұмысымен танысты

8 қазан күні «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Бурибаева Гаухар Асылбекқызы мен Басқарма төрайымының орынбасары Джантелиев Дастан Темірәліұлы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Қор басшылығы вафли шығаратын «Сәуле кондитер фабрикасы» ЖШС жұмысымен танысты.

IMG-20191008-WA0037.jpg

Тәттілер фабрикасының тарихы бұрынғы автопарк аумағын сатып алған 2015 жылдан басталады. Сол жылы бұл нысанға біраз қаражат салынды. 2016 жылдың екінші жартысында ресейлік компаниялардың бірінің жобасы бойынша кәсіпорынның бір ғимаратын қайта жаңарту басталды. Сонымен қатар, австриялық HAAS компаниясымен вафлидің ішін толтыруға арналған жабдық сатып алуға келісімшарт жасалды. Бұл жобаны «Қазақстан халық банкі» АҚ «БЖК 2020» бағдарламасы арқылы 1,2 млрд теңгеге қаржыландырды. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 16%. «Даму» Қоры оның 10%-ын субсидиялайды. Желі айына 250 тонна дайын өнім шығарады.

2017 жылдың соңында монтаждау және іске қосу жұмыстары жүргізілді, ал 2018 жылдың басында рұқсат беру құжаттарын алғаннан кейін тәттілердің алғашқы тобы сауда сөрелеріне түсе бастады.