info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Астанада «Даму» Қорының қолдауымен ғарыш технологиялары мектебі ашылады

Жаңалықтар
18.10.2019

Ұлттық ғарыш орталығы аумағында ғарыштық технологияларға бағытталған «Tamos Space School» жекеменшік мектеп пайда болады. 16 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында 800 орындық оқу ғимаратының алғашқы тасы қаланды. Мектеп Тамос брендінің Қазақстандағы үшінші, елордадағы бірінші білім беру мекемесі. Нарықта 25 жылдан бері сапалы қызмет ұсынып келе жатқан Tamos мектебінің ашылуы 2020 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған. Бастапқыда физика-математикаға бейімі бар 0-4 сынып оқушыларын қабылдайды. Құрылыс Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен басталды.

IMG-20191017-WA0029.jpg 

Іс-шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Жоғары Мектеп Ғылым академиясының академигі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов, Малайзияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дато Саид Мохамад Бакри бин Саид Абдул Рахман, "Жеке білім беру ұйымдарының Республикалық қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Роза Садықова, "Қазақстан Ғарыш Сапары "Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Азамат Батырқожа, "Қаржы орталығы" АҚ президенті Асқар Ибраимов, "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ елорда бойынша аймақтық филиалының директоры Абдолла Нұрсұлтан Аристатлұлы қатысты.

IMG-20191017-WA0064.jpg    

Бұл жоба "Қарапайым заттар экономикасы" механизмінің арқасында жүзеге асты. Компания Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа мектеп құрылысына жылына 15%-бен жеңіл несие алса, оның 9%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. Сондай-ақ осы бағдарлама аясында кәсіпорын бизнесті қолдаудың негізгі құралы ретінде Қордың кепілдігін алды.