info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Фортуна» дүкені - үнемді әйелдерге арналған

Жаңалықтар
08.11.2019

Үйіне азық-түлік алмайтын адам кем де кем болғандықтан, бұл - тұрақты бизнестің бірі.

Орал қаласының тұрғыны Мыско Татьяна Николаевна сатушы болып біраз уақыт жұмыс істеген. Кәсібін терең зерттеп, тәжірибе жинаған соң, достарының кеңесімен жекеменшік дүкен ашуға бел буды.

IMG-1372.jpg

Татьяна Орал қаласындағы жеке тұрғын үйлері көп, қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірінен лайықты ғимарат тапты. Оны сатып алу үшін қаржы керек еді.

 

Дүкенді сатып алуға несие рәсімдеу шарттарымен танысу үшін кәсіпкер «Даму» қорына жүгінді. Қор қызметкерлері оған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын пайдалануға кеңес берді. Нәтижесінде кәсіпкер «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 6%-бен несие алды.

Қазір Татьяна «Фортуна» дүкенінің шаруасын дөңгелентіп отыр. Негізінен азық-түлік пен тұрмыстық химия өнімдерінің түр-түрін тиімді бағамен сатады.

 

Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы. Зашаған ауылы, Гринько көшесі, 18/3, ш/а; тел: 8-701-850-82-22