Как с помощью гранта и государственной поддержки начать свое собственное дело

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
08.11.2019

Грант пен мемлекеттік бағдарлама арқылы қалай бизнес бастау керек

«КазСтройСервис LLC» ЖШС – Павлодарда құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын компания. Компания басшысы Нұрлан Байдуллаевқа бұл кәсіпті бастауға Алматыда осындай бизнеспен айналысатын достары ақыл қосқан.

2018 жылы Нұрлан «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант байқауында 3 миллион теңге ұтып алып, қоспа өндіруге арналған жабдықтар мен шикізат сатып алды.

Снимок1.JPG

Бұл бизнес табысты болып, 2018 жылы Нұрлан кәсібін дамыту үшін «ЦентрКредит Банк» арқылы 14,25%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 40%-ын мемлекет субсидиялады. Даму Қоры ішінара кепілдік берді. 7 млн теңге несие қаражатына компания таза әрлеуге арналған қоспалар өндіруге арналған жабдықтар сатып алды.

Кәсіпорын тек Қазақстандық шикізат сатып алады. Құрылыс гипсін Тараздан, мәрмәр ұны, құм мен цементті Семейден алдырады. Компания күнін 15-20 тонна дайын өнім шығарады.

«Бұл - Finish, Glatt, «Два в одном», кафель желімі, гипсәрлеу, цементті сылақ деп аталатындар. Біз оларды 25 келілік қағаз қаптарға салып, сатуға жібереміз. Өз өнімдеріміздің спаасына біз сенімдіміз», - дейді дейді компания басшысының орынбасары Нұрбек Байдуллаев.

Компания Павлодар қаласының құрылыс компанияларымен де, сауда нүктелерімен де жұмыс істейді. Қазір Екібастұз нарығына шыға бастады. Басқа өңірлерге дайын өнім жеткізу жоспарда бар.


Байланыс: Солтүстік өндіріс аумағы 31/1, Павлодар; 8 702 413 31 14