Call-center (қонырау тегін)
1408
Жаңалықтар
10.01.2020

Кәсіпкерге қолдау көрсету

Стоматология - медицинадағы ақылы қызмет көрсетудің көшін бастап келеді. Рентабельді болып саналатын бұл сала кеңес одағы кезінде де ақылы емхана ретінде жұмыс істеген. Қазір халықтың сұранысына сай арзаннан супер элиталы қызметке дейін көрсетіледі. Осы орайда кәсіпкерлердің де білек сыбана кірісетіні хақ.

 

Кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқан қазіргі уақытта бұл саланы бизнеске айналдырған жандар үшін мүмкіндік көп. Осыны сәтті пайдаланген Қарағандыдағы «Сабина» ЖК «АТФ Банк» АҚ @atfbank арқылы 6%-дық жеңіл несиені «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында алды.

 

Кәсіпкер несие қаражатына стоматология үшін ғимарат сатып алды. Яғни, жаңа жұмыс орны ашылып, адамдарға ыңғайлы, денсаулығын түзеуге көмек беретін орын ашылды.

Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Мұқанов көш., 16 үй

Тел.: +77012566764