Call-center (қонырау тегін)
1408
Жаңалықтар
13.01.2020

Клиенттер үшін жұмыс істейтін жарнама

Кез-келген жарнама – сауданың қозғаушы күші. Алайда, нашар жарнама қозғалтқыш емес, тежегіш. «ERNIYAZ media group» компаниясы клиенттердің жұмысын жеңілдететін жақсы жарнама жасайды.

«ERNIYAZ медиа компаниясы» – Шымкент пен Түркістан облысында құрылған алғашқы жарнама компаниясының бірі. Стендтер, сыртқы жарнама, мемлекеттік рәміздер, полиграфия шығарады. Бүгінде компания Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Қостанай және Ақтау қалаларынан да тапсырыс алып отырады. 2006 жылдан бері компания көптеген жобаларды сәтті аяқтады және тұрақты клиенттермен қатынасты үзбей жұмыс істеп келеді.

Компания заманауи жабдықтар, технологиялық мүмкіндіктерге ие. Нәтижесінде қол жетімді бағада сапалы өнім бере алады.

Фото 4.jpg

- «Біздің білікті мамандар тобы сіз үшін мүмкін емес болып көрінген дүниені де жасап бере алады», - дейді компания басшысы Ербол Дайрашов.

2017 жылы кәсіпкер «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Даму» қорының жеңіл несиелері туралы біліп, «Ырыс МҚҰ» ЖШС арқылы құрал-жабдық сатып алуға 6%-бен несие алды.

Биыл компанияға 13 жыл толады. Алда жұмыс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Жақында олар қысқа роликтер түсіре бастайды және болашақта кино саласында бақ сынамақ.

тел: 8-701-585-77-02