Call-center (қонырау тегін)
1408
Жаңалықтар
13.01.2020

«SK» ЖК ауыр техника алды

«SK» ЖК иесі Салимов Карим Икрамович 2016 жылдың мамырында кәсіпкер ретінде тіркелген. Содан бері арнайы техникада қызмет көрсетумен айналысып келеді.

Карим 2019 жылдың наурыз айында Даму Қорына келіп, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жайында кеңес алды. Филиал менеджерлері мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігі туралы толық мәлімет беріп, қандай құжаттар керек екенін түсіндірді.

Нәтижесінде, Карим Икрамович былтыр мамыр айында инвестиция үшін «Сбербанк» АҚ арқылы, 5 жылға, 6%-бен 16,4 млн теңге алды. Қор 13,9 млн теңгеге кепіл болды.

Кәсіпкер қаражатқа шынжыр табанды экскаватор мен Камаз сатып алды.