Call-center (қонырау тегін)
1408
Жаңалықтар
14.01.2020

Шығыс Қазақстандық кәсіпкер мемлекеттің қолдауымен «Terra sport» фитнес-клубын үлкен желіге айналдырды

2008 жылы Иванова Ольга бизнеспен айналысуға шешім қабылдап, Өскемендегі Потанин көшесінен фитнес-клуб үшін бөлме жалға алды. 320 шаршы метр жерде бір фитнес зал, бір би зал және екі спортзал, шешінетін бөлмелер мен, душ, асхана болды. Ольга алғашында өзі фитнес пен йогадан сабақ берді. Ал топ көбейген кезде қосымша тренер керек болды. 2010 жылы Ольга фитнес және йога жаттықтырушыларын оқытты. Зейінділерін жұмысқа қабылдап отыру нәтижесінде жастардан құралған команда пайда болды.

img_0501.jpg

Клуб би, жекпе-жек, бодибилдинг пен пауэрлифтингтен жарыстарға қатыса бастады. Келушілерді қалта көтерерлік баға қызықтыратын еді. Әрі жарнамада маркетинг тәсілдерін кеңінен қолдану арқасында клиенттер қатары күннен күнге артып отырды. Тіпті топтарда орын жеткіліксіз бола бастады.

Осылайша, 2012 жылдың қаңтарында кәсіпкер Қазақстан көшесіндегі «Passage» сауда үйінен екінші клуб ашу туралы шешім қабылдады. Ал 2014 жылдың сәуірінде Орджоникидзе көшесінен үшінші клубты ашты.

2014 жылы қараша айында Ольга «Қазақстан Халық Банкі» арқылы «Даму» қорының қолдауымен, »БЖК 2020» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 425 ш.м. коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алды. Бұл жаңа клуб 2015 жылдың ақпан айында ашылды.

img_0557.jpg

Толыққанды клубтар желісін жасақтаған соң Ольга мен оның командасы жеке ғимарат сатып алуды шешті. 2017 жылдың қаңтарында Ольга «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 160 млн теңге несие алды. 17 пайыздық мөлшерлеменің 7%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. Сонымен қатар, Қор несиенің шамамен 30%-ына кепілдік берді.

TERRASPORT фитнес клубтар желісі - салауатты өмір салтын ұнататын жандардың барлығына қолжетімді жоғары сапалы қызмет ұсынатын орын. Ең үлкен клуб 4 қабатты бөлек ғимаратта орналасқан. Оның ауданы 1315 ш.м.

Клубта топпен және жеке сабақтар өткізіледі. Атап айтқанда: фитнес, йога, бодифлекс, буын биі, зумба, трайбл, каратэ, хореография, Strip Dance, Breakdance, Go-Go, Hot Iron, бокс залы, би бағдарламалары, фитнес-бар, массаж бөлмесі бар. Сонымен қатар тренажер залы жабдықталған. Сауна, солярий, сұлулық салоны, балалар бөлмесі де қарастырылған.

+77232402000, тел: +77084402000

#terrasport_ukg

Сайт: terrasport.kz