Call-center (қонырау тегін)
1408
Жаңалықтар
26.03.2020

Ақтөбелік кәсіпкерлер NetHouse инновациялық технологиясын іске қосты

Кәсіпкер Серікбаева Роза жұбайы Болат Отарбаевпен бірге көптен күткен арманына қол жеткізді. Жұбайлар NetHouse торшасы астында көкөніс өсіретін өте тиімді желі құрды. Болат Отарбаевтың айтуынша, фермерлер үшін маңызды мәселе - сапалы және экологиялық таза көкөніс өсіру. Испания, Израильде кеңінен қолданылатын бұл NetHouse технологиясының басты ерекшелігі – күн сәулесін жақсы өткізіп, табиғи желдетіп тұратын, ауа-райының қолайсыз әсерінен және жәндіктерден қорғайтын торшасында.

2.jpg

Нәтижесінде өсімдіктерді қорғау мақсатында химия қолданудың қажеті жоқ. Мысалы, Израильде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің жартысынан көбі осындай технологиямен өсіріледі. Кәсіпкер өз аймағында дәл осы Израиль тәжірибесін қолданып өсімдік өсіруге кірісті

Кәсіпкердің айтуынша, әдеттегі 10 гектар ашық алқаптан жинайтын өнімді NetHouse технологиясымен жабық жерде бір гектар жерден-ақ алуға болады. Тамшылатып суару әдісі суды орасан мол үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ерлі-зайыптылар жылыжай бизнесімен 2014 жылдан бастап айналысады. NetHouse идеясын жұзеге асыруды ұзақ жылдар бойы жоспарлап, көптеген ақпаратты зерттеді. Жүзеге асыруға 2019 жылы «Даму» Қорының арқасында қол жеткізді. Жобаны «АТФБанк» АҚ қаржыландырып, кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялады.

Күзде кәсіпкерлер кешенді кеңейтіп, алғашқы жылы жіберген қателіктерін ескере отырып, бірқатар өзгерістер енгізбекші. Болашақта - «органика» стандартына сәйкес келетін өнім өсіріп, көкөністерді жоғары бағада экспорттауға мүмкіндік беретін сертификат алуды көздеп отыр.

Байланыс: +7 701 5114508; otar59@bk.ru