info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Табыс рецепті

Жаңалықтар
13.04.2020

Жеке кәсіпкер Айсиева Жанат Махметқызы фармацевтикалық қызметпен, яғни, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатумен 25 жылдан бері айналысады. 1994 жылы Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институтын бітіргеннен кейін Жанат Махметқызы ұзақ жылдар бойы мемлекеттік және жеке мекемелерде фармацевт болып жұмыс істеді.

Осы қызметте жеткілікті тәжірибе жинап, кәсіпкер өзінің дәріханасын ашып, лицензия алды. Басында үй-жайды жалға алып істеді. Бірақ біртіндеп дәріханаға жылжымайтын мүлік алу керек екендігін түсінді.

Осы мақсатта қаржы алу үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 6%-дық несиеге қол жеткізді. Сондай-ақ, бағдарлама аясында кәсіпкерге «Даму» қоры кепіл болды.

Тел. 8-775-235-84-78

БҚО, Орал,6 ш/а, 21 /p>