info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Nbwood.Aktau» сәнді жиһаз шығарады

Жаңалықтар
20.04.2020

Ақтаулық «Божикенов» ЖК 2014 жылдан бастап «Nbwood.Aktau» брендімен жиһаз шығара бастады. Кәсіпорын шеберлері мен дизайнерлері алғашқы күннен бастап-ақ үлкен ізденісте болды. Нарықтағы сұранысты зерттеп, сән әлемінің алға жылжу үрдісімен бірге әрекет етіп, тұтынушы көңілінен шығатын, көз жауын алатындай жиһаз шығаруды мақсат тұтты.

Бүгінде шағын ғана цехта шығатын жиһаз шетелдік бренд туындыларымен иық теңестіре алатындай дрежеге жетті.

Компания жиһазды мүлдем қауіпсіз материалдардан, заманауи сапа стандарттарына сәйкес етіп жасайды. Маңызды артықшылықтарының бірі – тапсырысты жылдам орындауы. Сондай-ақ цех шеберлері тапсырыс берушінің қалауы бойынша ағашқа қажетті реңк бере алады.

Жобасын жүзеге асыру барысында жеке кәсіпкер Бақытжан Аманқылышұлы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы жиһаз цехының жабдықтарын жаңарту үшін «Нұр-Капитал» өңірлік бағдарламасы аясында 60 айға 8,5%-бен несие алды. Оның 7,5%-ы жергілікті бюджет есебінен субсидияланады. Осылайша кәсіпкер несиені бар-жоғы 1%-бен төлейді. Кепілдік жетпеген кезде «Даму» Қоры кепілдік берді.

Мекенжайы: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, с. Басқұдық, 1 индустриалды аймақ - 300/48.

Instagram: @nbwood.aktau

Тел: +7 775 100 04 25