info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Даму» Қорының қолдауымен Алматылық кәсіпкер отбасылық бизнесін табысты дамытуда

Жаңалықтар
27.04.2020

Бүгінгі кейіпкеріміз – Айдар Болатұлы. 2006 жылы бетон зауытында қарапайым жұмысшы болып жұмыс істеген ол жеке кәсіппен айналысуға бел буды. Өз ойынан шабыт алған Айдар кәсіпкер ретінде тіркеліп, банктен несие алып бетон араластырғыш сатып алды. 2007 жылы дағдарысқа қарамастан, Айдар Болатұлы арнайы техникамен қызмет көрсету үшін әкесі Болат Есболұлының атына «Қосаев Болат Еспулович» атты жеке кәсіпкерлік нысанын тіркеп, ісін дамыта бастады. Осы кезден бастап олар жыл сайын бір машинадан сатып алып, ескілерін жаңартып отырамыз деп шешті. Осыған байланысты Айдар Болатұлы да 2019 жылы өз алдына жеке кәсіпкер ретінде жаңа, арнайы техникамен қызмет көрсете бастады.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін мемлекеттен қолдау бар екенін біліп, Айдар «Даму» Қорына келді. Қор кеңесшілері оған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын туралы түсіндіріп берді. Кәсіпкер қажетті құжаттарын жинап, «БанкЦентрКредит» АҚ арқылы көлік сатып алу үшін жылына 6%-бен несие алды. Әкесі кепіл болды. Ал кепілдің жетіспейтін сомасын «Даму» қоры толықтырды.

Бүгінгі күні Косаевтардың отбасылық бизнесі еңсесін тіктеген. 12 техникасы бар. Жұмыскерлер саны ұлғайып келеді. Жұмыс таңғы сағат 7-де жүк тиеуден басталып, түнге дейін жеткізіледі. Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Үкімет «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасына тиімді өзгерістер енгізді. Айдар Болатұлы да осы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру мүмкіндіктерін пайдаланып, қосымша тағы техника сатып алуды жоспарлап отыр.

Телефон: + 7 701 784 82 74

Мекенжайы: Алматы қаласы, Спасская көшесі 111/1.

Инстаграмм @kosaevaidar