info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Балалық шақтың естен кетпес дәмі

Жаңалықтар
28.04.2020

«ВИЗиТ» алкогольсіз сусындар зауыты» ЖШС шығаратын «Буратино», «Дюшес», «Тархун» және «Лимонад» табиғи сусындары жасанды қоспасыз, қантпен дайындалады. Зауыттың «Денсаулық» сериясындағы барлық сусыны дәрілік шөптер мен тамырлардың инфузиясы қосылған табиғи шикізаттан жасалады.

Зауыт 1930 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Қазір бас директоры - Завдинов Велким Ильич.

1991-1998 жылдар аралығында Pepsi-Cola және Coca-Cola сияқты компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы зауыт өз жұмысын жетілдірілді. 2006 жылы «KRONES» автоматтандырылған құю желісі орнатылып, сағатына 12,0 мың бөтелке шығаратын жағдайға жетті. GPS спутник навигация жүйесі енгізілді. Нәтижесінде ескірген жабдықтар ауыстырылып, өндіріс қуаты 3 есеге артты, сусын дайындаудың және оларды көмірқышқыл газымен қанықтырудың озық технологиялары игерілді.

«KRONES» құю желісінің іске қосылуы - режимді қатаң сақтауға және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы өнімді алуға мүмкіндік береді.

2019 жылы айналым қаражатын толтыру үшін зауыт «Даму» қорына жүгініп, «АТФ Банк» АҚ арқылы 14,95%-бен несие алды. Оның 8,95%-ын «Даму» Қоры субсидиялады.

«ВИЗиТ» алкогольсіз сусындар зауыты» ЖШС-і 2019 жылы «Алтын сапа» президенттік байқауында «Қазақстанның үздік тауары» атағын алды. Соңғы жылдары зауыттың технологтары тұтынушыға ұнаған Лаурритта, Ситро, Мохито, AQUAS табиғи шырындармен танымал лимондар (лимон, алма, шабдалы және т.б.) сусындарды жасап шығарды.

Фото 8.jpeg

«Цитро» - ванилин қосылған апельсин, мандарин, лимон инфузиясы бар сергітетін, жеміс-жидектен жасалған газдалған сусын.

Фото 11.jpeg

Мохито - ең танымал жазғы сусындардың бірі. Әдетте газдалған су, қант, лайм, жалбыз және мұз қосылады.

Бүгінгі күні «ВИЗиТ» алкогольсіз сусындар зауыты» ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізу және олардың негізінде жаңа өнімдер түрлерін шығару арқылы дамуда.

Тел: +7 (7252) 53-93-42, 53-77-53

Сайт: www.vizit.com.kz

Instagram: @vizitnapitki,

e-mail: info_vizit@mail.ru

«Даму» қоры. Біздің қолдауымыз - Сіздің дамуыңыз