Call-center (қонырау тегін)
1408
Жаңалықтар
22.05.2020

Қауіпсіздік күзетінде

Қазір кезде өмір мен мүлік қауіпсіздігі баршаға маңызды. Жеке күзет компанияларының қызметіне осы себепті сұраныс артып келеді.

IMG_20200521_144355.jpg

Бұл салада тәжірибесі бар Құмарғалиев Азамат жеке тұлғалар мен ұйымдарға күзет қызметін ұсынатын жеке компания ашуға шешім қабылдады. Іс бастау үшін дабыл жабдығын сатып алуға қаражат қажет болған кезде ол «Даму» қорына жүгінді.

Азамат ашқан «Tulpar SV» ЖШС жобасын «Сбербанк» АҚ ЕБ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында қолдап, 6%-бен қаржыландырды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры банк алдында кепілдік берді.
IMG_20200521_090617.jpg

Қазіргі уақытта «Tulpar SV» ЖШС – кез-келген нысанға тәулік бойы бақылау жүргізетін, қауіпсіздігіне жауап беретін компания. Тапсырыс берушілердің қалауына қарай «Tulpar SV» ЖШС сымды және сымсыз құрылғыларды орнатады. Тәулік бойы күзетіп, бақылайды, жедел әрекет етеді.

Мекенжайы: Орал, Даумов көшесі, 44

Тел. 8- 701-302-55-75

Instargam @sovauralsk