info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Компания қызмет аумағын кеңейтті

Жаңалықтар
29.05.2020

«Strong Service» ЖШС 2011 жылдан бері металл бұйымдар шығарумен айналысады. Осы жылдар ішінде компания нарықтағы сұранысты зерттей отырып, өрт хабарлағыш орнатудан бастап құрастырылмалы жиһаз шығаруға дейін маманданды.

Қазір компания негізінен көшедегі спорт жабдықтары, ойын алаңдары, футбол алаңдарына арналған қоршаулар, орындықтар, сөрелер сияқты заттар жасайды. 2015 жылдан бастап «Даму» қоры арқылы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша жеңіл несие алып, өндірісті үнемі жаңартып, өндірістік процестерді автоматтандырып, өнім түрлерін кеңейтіп, өндіріс аумағын ұлғайтып келеді.

2016 жылдан бастап санитарлық кресло, мүгедектерге арналған арба, қол арбалар мен сал ауруына шалдыққан балаларға арналған арнайы арбалар шығара бастады.

2020 жылы қызмет аумағының кеңеюіне байланысты арнайы техника санын көбейту қажет болған кезде компания банктен алған несиесінің пайыздық мөлшерлемесін «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында (жылына 6% дейін) ішінара субсидиялады. Ол қаражатқа эксковатор-жүк тиегіш сатып алды. Қазір компания «Даму» қорының қолдауымен айналым қаражатын толықтыруға несие алу үшін сұраным берді. Онда да субсидиялау және кепілдік құралын пайдаланбақ.

Мекенжайы: СҚО, Петропавл қаласы, Я. Гашек көшесі 29.

Тел.: 8(7152)40-02-91

Пошта: info@zavodsko.kz