info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Көлік бизнесіндегі іскер әйел

Жаңалықтар
02.06.2020

2016 жылы «Best Logistik» ЖШС директоры Екатерина Шестакова жүк тасымалы саласында жеке бизнес ашуға шешім қабылдады. Бұл ой Екатеринаға көлік компаниясында есепші және ревизор болып жұмыс істеп жүргенде келді. Ол компанияда келісім-шарттар жасап, өтінімдер толтырып, автомобиль іздеп, нарықты зерттеуде мол тәжірибе жинады.

- «Мен бұл бизнеске логист ретінде тәжірибесіз болып келдім. Барлығын бастығым, PARTNER-TRANS фирмасының жетекшісі Дмитрий Новиков үйретті. Ол менің талабымды ерте танып, болашақта бұл салада жетістікке жетететінімді айтудан шаршамады. Алғашқы көлігім – банан толы рефрижератор еді. Өнімді Қарағандыға жеткіздік. Менің жетекшім үнемі қадағалап, көмектесіп отырды. Алғашқыда қатты уайымдадым. Біраз уақыттан соң қолымнан келетін іс екенін түсіндім. Осылайша мен логист болдым», - дейді Екатерина Шестакова.

WhatsApp Image 2020-05-27 at 12.10.38.jpeg 

Компанияның жеке көлігі болмағандықтан, бастапқыда экспедиторлық қызметпен айналысты. Үш жылдан кейін бірінші жүк көлігін сатып алуға мемлекет көмектесті. Кәсіпкерге достары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды қаласындағы аймақтық филиалына хабарласып, бизнесті дамыту үшін жеңіл пайызбен несие алуға кеңес берген.

Қор менеджері жаңадан іс бастаушы кәсіпкерге арналған бағдарлама таңдап, мемлекет тарапынан көрмсетілетін қолдау түрлері туралы айтты. Екатерина Қордың edu.damu.kz сайтында кәсіпкерлік негіздерін тегін оқып, сертификат алды. Содан кейін несие алу үшін банкке қажет құжаттар жинауға кірісті.

Жобаны «Сбербанк» АҚ «Еңбек» бағдарламасы аясында қолдап, автокөлік сатып алуға жылына 6%-бен несие берді.

«Қазір штатта 4 қызметкер бар. Жоспарымызда кеңейіп, жаңа жұмыс орындарын ашу бар», - дейді Екатерина.

Байланыс :

E-mail: bestlogistik2016@mail.ru

Мекенжайы: Қарағанды қ.

Тел.: + 7701 740 95 23, + 7 775 716 51 87

Instagram: toobestlogistik