info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазалы ауданында сауда орталығы ашылды

Жаңалықтар
02.06.2020

Сауда орталығын салу – бизнестің табысты бағыты болып саналады. Бар қажетін бір жерден табу – халыққа да ыңғайлы. Осындай шағын сауда орталығын Қызылорда облысы Қазалы ауданында кәсіпкер Өтеев Пахрадин Сражович ашты.

PHOTO-2020-05-27-09-46-54.jpg

Сауда орталығын ашқысы келетін жан үшін басты талаптардың бірі -орын таңдау. Бұл мәселеде кәсіпкер Өтеев Пахрадин Сражович терең маркетингтік зерттеу жүргізді. Сауда үйінің көлік жолдың бойынша орналасып, кіре берісі ыңғайлы болғанын басты назарда ұстады. Бұл ойын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Даму» қорының Қызылорда облысындағы аймақтық филиалына келіп, мамандардан кеңес алып, несие рәсімдеу үшін банкке қажетті құжаттарды жинай бастады.

2019 жылы шілдеде кәсіпкер коммерциялық жылжымайтын мүлік салу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несиеге қол жеткізді. Сондай-ақ, «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялады. Соның арқасында кәсіпкер жылына 7%-бен несие төлейді. Кепілдік жеткіліксіз болған кезде «Даму» Қоры кепілдік берді.

Мемлекеттен дер кезінде қолдау алудың арқасында 2020 жылдың көктемінде жаңа сауда орталығы алғашқы тұтынушыларына есігін айқара ашты.

Кәсіпкерге табыс, сәттілік тілейміз!

Даму қоры. Біздің қолдауымыз - Сіздің дамуыңыз.

Мекенжайы: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі 43

Тел: 8 702 601 06 07