info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Павлодар облысында пайдаланылған аккумуляторларды қайта өңдеу жобасы мемлекеттік қолдауға ие болды

Жаңалықтар
05.06.2020

«Біз - таза және жарқын болашаққа сеніммен қараймыз».

«Тандем-ПВ» ЖШС ұраны осындай. Компания Қазақстан нарығында 2007 жылдың қарашасынан бері жұмыс істеп келеді. Негізінен аккумулятор батареяларын сатуға маманданған. Осы жылдар ішінде Павлодар, Екібастұз, Өскемен, Қарағанды, Семей және Алматы қалаларында дүкендер желісін құрды.

Компания директоры Горбачев Павел Викторовичтің айтуынша, бизнес табыс әкелумен қатар әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі керек.

IMG-20200518-WA0024.jpg

«Пайдаланылған аккумулятор, батареяларды қайта кәдеге жарату - бұл қазіргі заманғы қоғамның алдында тұрған өткір экологиялық проблемалардың бірі. Қоршаған ортаның қорғасынмен ластамау ең бастысы - халық денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан 2017 жылы біз пайдаланылған аккумулятор батареяларды қайта өңдеу цехын аштық. Мемлекеттік қолдаудың арқасында біздің цех Қазақстанның экологиялық таза болашағына өз үлесін қосып келеді», - дейді Павел Горбачев

Цехта 12 маман жұмыс істейді. Қайта өңдеу желісі толық автоматтандырылған. Бұл – қызметкерлер қауіпсіздігі үшін маңызды. Алғашқы жылы кәсіпорын 1 000 тоннаға жуық аккумуляторды қайта кәдеге жарата алса, бүгінгі күні жылына 3 000 тоннаға дейін өнім шығарады. 2019 жылы құю цехы іске қосылып, кәсіпорын қара және тазартылған қорғасын түрлерін ала бастады. Мемлекеттік қолдауды да компания осы жылы пайдаланды.

Компания «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыру үшін 14,25%-бен 50,0 млн теңге несие алды. «Даму» Қорының арқасында компания «Бизнестің жол картасы 2025 мемлекеттік бағдарламасы аясында несиені субсидиялап, қарыз пайызын 8,55%-ға дейін төмендетті. Несие сомасының 50%-ына «Даму» Қоры кепілдік берді.