info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жамбыл облысында «AVATARIYA» орталығы ашылды

Жаңалықтар
15.06.2020

Жамбылдық кәсіпкер Ибрагимов Рустам Рахимбердіұлы Орта Азияда баламасы жоқ «AVATARIYA» атты балалар ойын-сауық паркін ашты.

Тараз қаласы, Т. Рысқұлов көшесі, 5 «у» мекенжайында орналасқан «AVATARIYA» балалар ойын-сауық саябағы – сертификатталған, заманауи және қауіпсіз аттракциондар. Парк түрлі жастағы балаларға арналған аумақтардан тұрады. Дамыту бағдарламалары бар, су асты және жер әлемі бар екі мультимедиялық бөлмемен жабдықталған.

9:00-ден 00:00-ге дейін кіру билетін төлеп, барлық аттракциондарды шектеусіз пайдалана алады. Парк аумағында италия, жапон, шығыс, еуропа және т. Б елдердің мәзірімен дайындайтын дәмханалар бар.

2019 жылы компания «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы инвестициялық мақсатқа ( «AVATARIYA» балалар ойын-сауық кешеніне жабдықтар сатып алу және оны жеткізу мен құрастыру/орнату) несие алды. Жобаны «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялап, кепілдік берді.

Instagram: @avatariya-taraz

Facebook: avatariyataraz

Тел. +7-705-387-0000