info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Шу қаласында «Амина» ЖК иесі Жаңабаева Жұлдыз Айдарбекқызы мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
17.06.2020

«Амина» ЖК иесі Жаңабаева Жұлдыз Айдарбекқызы шағын кәсібін 2012 жылы Жамбыл облысының, Шу қаласының орталық базарында кеңсе тауарларын сатудан бастаған. Кейіннен қаржының басы құралған кезде бизнесін әртараптандыру мақсатында ірі-қара сатып алып бордақылай бастады. Қазір кәсіпкер бизнестің сауда және ауыл шаруашылығы секілді екі бағытымен айналысады. 2015 жылы Жұлдыз Айдарбекқызы бизнесін дамыту мақсатында жер телімін сатып алып, сауда үйін салуды бастады. 2017 жылдың соңында нысан пайдалануға берілді.

2019 жылдың тамыз айында кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 15 млн теңге қарыз алды. Несиенің 14%-дық сыйақы мөлшерлемесінің 7%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, ал айырмашылықты кәсіпкердің өзі төлейді.

Бұл қаражатқа кәсіпкер супермаркетке жабдықтар, атап айтқанда сөрелі тоңазытқыштар, сусындарға арналған тоңазытқыштар, жабдығы бар кассалық үстелдер, сауда стеллаждары, еденге орнатылатын салқындатқыштар, бақылау камераларын сатып алып, орнатты.

Мекенжайы: Жамбыл обл, Шу қаласы, Автобазовская №27

Тел: 8 701 716 94 70.