info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Көп балалы ананың кербез кәсібі

Жаңалықтар
24.06.2020

Көп балалы ана Мадина Мұратова - Ақтөбедегі «Мега Старс» атты балаларға арналған хореография студиясының иесі және оқытушысы. 2016 жылы «Ақтөбе ханымы» атағын алған.

f5d02d51-8ac1-4b3d-a30a-52926f67450d.jpg

Бала кезінен би өнерімен айналысып келген ол бірнеше жыл бұрын күйеуімен бірлесіп, жалға үй-жай алып, би студиясын ашқан. Мұнда хореографиямен қоса басқа, эстетикалық гимнастика мен актерлік шеберлікті де үйретеді. Көп ұзамай студияның аты алысқа кетіп, шәкірттері көбейе бастады.

Ісі оңға басқан көп балалы кәсіпкер ана студиясын сатып алмақ болып «БанкЦентркредит» АҚ арқылы несие рәсімдеді. «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында несиенің пайызын субсидиялады.

Қазір отбасылық бизнес өркендеп келеді. Мадина мұнымен тоқтап қалмай, осы жылдан бастап өз бизнесінде жаңа бағыт - «Мама Босс» сұлулық салонын ашты. Кәсіпкер бұл жолы да «Даму» қорымен ынтымақтастық жақсы нәтиже бергенін айтып отыр.

Instagram: @megastarsaktobe

Телефон: +7 771 181 80 75