info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«ALAN TRANS LOGISTIC LTD» ЖШС компаниясы жүк тасымалдайды

Жаңалықтар
30.06.2020

«ALAN TRANS LOGISTIC LTD» ЖШС 2016 жылы құрылған. ТМД, Еуропа, Балтық елдерінің кез келген жеріне халықаралық тасымалдау қызметін көрсете алады. Қазіргі уақытта компания құрамына көлік логистикасының: жүк тасымалы, жүк экспедициясы, логистикалық қызметтер, тауар-материалдық қорларды басқаруды ұйымдастыру секілді бағыттары кіреді. Көлік пен қызмет ерекшеліктерін білетін мамандардың жоғары біліктілігі клиенттерге жедел қызметті қамтамасыз етеді. 01.06.2016 ж. Бастап «KazATO» халықаралық тасымалдаушылар қауымдастығының мүшесі, сертификаты бар.

«Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 14,5%-бен несие алды. Оның 8,5% «Даму» Қоры субсидиялап, кепілзат жетіспейтін бөлігіне Қор кепілдік берді.