info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Meridian» қонақ үйі – жайлы әрі қолайлы

Жаңалықтар
07.07.2020

Адамдар саяхатқа қызығушылық танытқан кезден бастап қонақ үйлер де пайда бола бастады. Алдымен үй аулалары, таверналар мен трактирлерден бастау алды. Әр дәуірде олар мейманның қалауына сай болып, қонақтардың түнеп шығуына бар жағдайды жасауға тырысты.ъ

Қазір де қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Солардың бірі – Қарағанды қаласындағы ең танымал және сұранысқа ие «Meridian» қонақ үйі. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарға қызмет көрсету тәжірибесі мол, бай тарихы бар қонақ үй заманауи сапа стандарттарына сай әрі технологиялық тұрғыдан дамып келеді.

Кәсіпкер қонақ үйге құрал-жабдық пен жиһаз алу керек болған кезде «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 14 пайызбен несие рәсімдеп, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесінің 40%-ын субсидиялады. Сондай-ақ кепілдік жетпеген кезде «Даму» Қоры несие сомасының 15 пайызына кепілдік берді.
Мекен-жайы: Қарағанды ​​қаласы, Бұқар жырау д-лы, 86/6.

Байланыс тел: 8 (7212) 43-34-00

E-mail: www. meridian-kz.com

Instagram: @meridiankaraganda