Dan-El Зерендіде демалыс орнын ұсынады

Жаңалықтар
30.07.2021

Жаз — отбасымен бірге демалатын уақыт. Егер ел ішіндегі көрікті жерлерді аралап, жайлы демалғыңыз келсе Зерендідегі «Dan-El» қонақ үй кешеніне барыңыз.

«Dan-El» қонақ үй кешені Көкшетау қаласынан 50 шақырым, «Зеренді» көлінен 7 минуттық жерде орналасқан. Жайлы коттедждері бар қонақ үй көңіліңізден шығатыны анық. Қонақ үй кешенінде террассасы бар бір қабатты, екі қабатты коттедждерді (жартылай люкс), екінші қабаттағы террассасы мен көлге қарайтын терезесі бар люкс бөлмелерді жалға алуға болады. Сондай-ақ, монша, ашық кинотеатр, балаларға арналған бассейн бар. Мангал, барбекю, шампур жалға беріледі.

Кешенді Асылбеков Руслан Еслямбекұлы ашқан. Руслан Еслямбекұлы 2006 жылдан бастап қызмет көрсету және сауда саласында еңбек етіп келеді. 2020 жылғы пандемия кезінде Зеренді ауылында отбасылық демалыс кешенін салу туралы шешім қабылдады. Алдымен ол жер учаскесін сатып алып, құрылыс бастады. Бірақ жобаны аяқтауға өз қаражаты жеткіліксіз болды. Кәсіпкердің алдында мемлекеттік қолдауға сүйену деген бір жол бар еді.

«Сбербанк» жылына 14%-бен 9 млн теңге несие мақұлдады. «Даму» Қоры «БЖК 2025» бағдарламасы аясында 8% айырмасын субсидиялайды. Кәсіпкер 14% орнына тек 6% ғана төлейді. Сондай-ақ, Даму Қоры кәсіпкердің кепілдігі жеткіліксіздігіне байланысты 4,5 млн теңгеге кепіл болды.

«Бизнестің жол картасы бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауды бірнеше рет пайдаландық. Әсіресе, «Даму» Қорының кепілдігі сияқты құрал жақсы көмектесті. Біздің көгалдандыру және ландшафтық дизайн бойынша алғашқы жобамызға Қор несие сомасының 60%-ына кепілдік берді. Екінші жоба бойынша несие аларда, яғни «Dan-El» қонақ үй кешеніне Қор қарыз сомасының 50% мөлшерінде кепілдік берді», - дейді Руслан Еслямбекұлы.

2021 жылдың мамыр айында іске қосылған жаңа кешен тек жазда ғана емес, жыл бойы жұмыс істейтін болады. Мұнда тимбилдинг өткізуге де ыңғайлы. Футбол және волейбол стадиондары, сондай-ақ қызықты бамбербол ойыны бар.

Мекенжайы: Ақмола облысы, Зеренді кенті

87472420108

Instagram: @danel_hotel