Moody`s «Даму» Қорының ұзақ мерзімді рейтингін растады

Жаңалықтар
25.08.2021

Moody`s халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі - Moody`s) 11 тамызда Қазақстан Үкіметінің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді эмитент рейтингін Baa2 -ден Baa2 -ге дейін көтерді. 

Тәуелсіз рейтингтің өзгеруіне байланысты Moody's «Даму» Қорының шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент рейтингін Baa3 деңгейінде, ал эмитенттердің шетелдік және ұлттық валютадағы қысқа мерзімді рейтингін Р-3 деңгейінде растады. Болжам тұрақты.

Ұлттық шкала бойынша «Даму» қорының рейтингі Aa1.kz -тен Aa2.kz -ке қайта калибрленді. 

Ұлттық рейтингі тәуелсіз рейтингке байланысты екенін нақтылайық, басқаша айтқанда, ұлттық шкала бойынша рейтингті анықтау кезінде тәуелсіз рейтинг «тірек нүктесі» болып табылады. Қазақстанның тәуелсіз рейтингінің жоғарылауына байланысты, Moody`s әдістемесі бойынша Aa1.kz индикаторы жаһандық масштабтағы Ваа2 индикаторына сәйкес келе бастады. Алайда, Даму қорының жаһандық масштабтағы рейтингі Baa3 деңгейіне сәйкес келеді, ол автоматты түрде Ұлттық шкала бойынша көрсеткішті жаһандық рейтингтік шкала деңгейіне сәйкес түзетуді талап етті. Осыған байланысты Moody`s Baa3 индикаторының жаһандық шкаласындағы деңгейге сәйкес келетін ұлттық шкала бойынша ең жоғары Aa2.kz деңгейін қайта калибрлеуге және тағайындауға шешім қабылдады.