Пластик құбырлар өндірісінің көшбасшысы

Жаңалықтар
25.08.2021

Полиэтилен құбырлар заманауи құрылыста жиі қолданылады. Олардың артықшылығы сөзсіз. Бағасы арзан, сенімді материал, металл құбырлармен салыстырғанда жеңіл әрі берік. Бүгінде қолданыстағы барлық құбырлардың жартысынан көбі пластиктен жасалған. Әсіресе газ, су және жылумен қамтамасыз етуде металл мен бетонды ығыстырып шығара бастады.

«Pipe-Plast Company» ЖШС – жоғары сапалы полиэтиленнен жасалған берік құбыр жүйелерін өндіріп, жеткізу бойынша Қазақстан Республикасының ең қуатты кәсіпорындардың бірі. Компания кеңес беруден сенімді қызметке дейін кең ауқымды қызметтерді ұсынады. Жұмыс барысында заманауи технологияларға, шикізаттың жоғары сапасына (Оңтүстік Корея, Ресей, Иран) және өндірістің белсенді дамуына сүйенеді.

«Біз су (диаметрі 16-630 мм) және газ (диаметрі 16-630 мм) тасымалдауға арналған полиэтилен құбырларын шығарамыз. Барлық өнімдер Қазақстанда енгізілген халықаралық ISO стандарттарына сәйкес келеді», - дейді серіктестік басшысы Садықов Кеңес Аманұлы.

2021 жылы компания ForteBank АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыруға 14%-бен несие алды. Жобаны «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік қолдау және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қолдап, пайыздық мөлшерлеменің 8%-ын субсидиялады.

Компания сонымен қатар 2012 жылғы World Quality Commitment 2012 Paris бен International Quality Summit 2013 New York жеңімпазы болған.

Сайт: www.pipe-plast.kz

Телефоны: +7 707 755 54 07

Мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Жерұйық көш, 13 ғимарат.