Чемпиондар түпнұсқаны таңдайды

Жаңалықтар
26.08.2021

Спортшылар үшін бірінші кезекте сапа мен жайлылық маңызды. Жеңіс көп жағдайда соған байланысты.

«Қазір көп адам өз өмірін спорт пен белсенді демалыссыз елестете алмайды. Біз де солардың қатарынанбыз. Біздің мамандар жақсы, дұрыс таңдалған спорт құралдары мен киімдердің қаншалықты маңызды екенін біледі. Сондықтан ALLIANZ Sport тұтынушыларға әлемдік брендтердің түпнұсқа жабдықтарын ұсынады. Функционалдық, ыңғайлылық пен қауіпсіздікпен қатар, біздің өнімдер сәнді де. Тартымды дизайн, әсем түс өзіңізді жақсы сезініп, көңіл-күйіңізді көтеріңкі қылып, келбетіңізді есте қаларлықтай етуге көмектеседі», - дейді ALLIANZ Sport дүкенінің иесі Алик Якупов.

Тауар ассортиментін кеңейту үшін Алик Сбербанкке несие алуға өтініш білдірді. Несие алу олар ойлағаннан әлдеқайда жеңіл болып шықты. Бірнеше күн ішінде банк жылына 17,5%-бен несие берді. Оның тек 6% пайызын ғана кәсіпкер төлейді. Айырмасын «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында субсидиялайды және кепілдік те берді. қамтамасыз ету қызметін атқарады.

Дүкен жеткізушілермен тікелей байланыста. Бұл әр тұтынушы жақсы дүние таңдай алатындай қолжетімді, оңтайлы бағалар қоюға мүмкіндік береді.

@allianz_sportshop

Қостанай, Абай даңғылы 102