Қазақстан агро инновация корпорациясы

Жаңалықтар
26.08.2021

«Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС (КАИК) 2010 жылы құрылған. «Вираж» холдингінің еншілес кәсіпорны. Ауыл шаруашылығына арналған, арнайы және коммуналдық техника құрастырумен және жеткізумен айналысады. Өндірісте Ростсельмаш зауытының (2000 және 3000 сериялы тракторлар, АCROS және TORUM комбайндары және т.б.), «Рубцовский зауыты» ЖАҚ (топырақ өңдеу техникасы), «УКХ «Бобруйскагромаш» ААҚ («ПРФ-145» рулонды пресс-іріктегіштер, трактор тіркемелері) техникаларының көптеген түрі шығарылады. «Минск трактор зауыты» ААҚ-мен Беларус тракторлар желісін құрастыру өндірісіне, түрлі дақылдарды жинауға арналған техниканы жеткізу үшін «Клевер» АҚ-мен лицензиялық шарт жасалды. Техника Қазақстанның барлық қалаларында «Вираж» филиалдары арқылы сатылады. 

20210812_111902.jpg

2016 жылы ҚАИК Көкшетау қаласындағы индустриалды-технологиялық парк құрылысын аяқтады. Ауданы 6 гектардан асады, тек 2020 жылы 1-ші кезектегі өндірістік аудандарда 800-ден астам МТЗ тракторлары, 200-ге жуық RSM қуаттылығы бар тракторлар жиналып, сатылды. Сондай-ақ, мұнда 150-ден астам ACROS және TORUM комбайндары және 2000-нан астам тіркемелер мен қалқасы бар көліктер шығарылды. 

2020 жылы кәсіпорын «Халық банк» АҚ арқылы өндірістік жабдықтар сатып алуға 200 млн теңге қаржы алды. Жобаны «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қолдап, несие мөлшерлемесін 15%-дан 6%-ға дейін төмендетілді. 2021 жылы ҚАИК индустриялық-технологиялық парктің 2-кезегінің құрылысын бастады. Осы мақсатта «Халық банк» АҚ арқылы 1,5 млрд теңге қаржы тартылды. «Даму» Қоры тағы да «ҚЗЭ» аясында несиені субсидиялайды. 

Зауыт аумағында ауданы 12 000 ш.м. екі қосымша өндірістік блок құру жоспарлануда, олардың бірі астық жинау комбайндарын, жоғары тартқыш класты топсалы-артылған тракторларды - Ростсельмаш лицензиялық құрастыруға тартылатын болады. Екінші модульде Минск трактор зауытының Belarus тракторларын жинауға арналған екі жол орнатылады.

Мекенжайы: Көкшетау қ., СӨА, 10 №6 өткел

Сату бөлімі: +7 7162 333 465, +77162 33 22 13, + 7 771 256 01 21

E-mail: sales.kaik@virazh.kz

Сайт: https://kaik.kz/

Instagram @kaik.kz