Ақтөбеде «Даму» Қоры арнайы жұмыс киімдерін тігетін цехқа қолдау көрсетті

Жаңалықтар
27.08.2021

«Ортус-А» компаниясынның негізін 2014 жылы Қауымбаев Алпамыс Жұмабекұлы қалаған. Серіктестік арнайы жұмыс киімдері мен денсаулық сақтау мекемелері мен қызмет көрсету секторы үшін бірегей форма тігумен айналысады. Қорғаныс қасиеттері жоғары етіп, сапалы тігілген жұмыс киімдерінің арқасында компания өнімдері үнемі сұранысқа ие.

Компания дизайнерлері де бір үлгімен тоқтап қалуды ұнатпайды. Қазір жұмыс костюмдері, халат, алжапқыш және басқа да киім киімдерінің каталогтары әр түрлі түс, стиль бойынша алуан болып келеді. Мата, аксессуарлар да ұдайы өзгеріп, жаңарып отырады. Заманауи жұмыс костюмі - жайлы, ыңғайлы, стильді және қорғанысы жоғары болып келеді.

Өндірісті кеңейту мақсатында компания «Альфа Банк» АҚ Ақтөбе филиалы арқылы несие рәсімдеді. Несие қаражаты жұмыс киімін тігетін тігін цех ғимаратын, дайын өнім қоймасы мен көрме залын сатып алуға жұмсалды. Жобаны жүзеге асырудың арқасында 5 жаңа жұмыс орны ашылды. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында компания субсидия мен кепілдік түріндегі қолдау алды.

Ақтөбе қаласы, Ғазиза Жұбанова көшесі 102

+7 7132 513834

Инстаграмм: @specodezhda_navsegda