Қуат беретін бизнес

Жаңалықтар
27.08.2021

Кәсіпкерлікпен 9 жылдан астам уақыттан бері айналысып келе жатқан Гаухар Хусаинова жұбайы екеуі бірнеше жыл бойы кофехана ашу идеясын пісіріп-жетілдірді.

Кофе – әлемдегі ең танымал және қуат беріп, сергітетін сусындардың бірі. Жер шарының жартысының тұрғындары онсыз таңын атырмайды десе де болады. Сондықтан кофеханалар қазір сұраныста және уақытты қолайлы өткізуге таптырмас орын болып саналады.

IMG-9372.JPG

Осы сусынды сүйіп ішетін, және талғап татып, таңдап алатын ерлі-зайыптылар шамамен бір жыл бұрын Орал қаласының орталығынан үй-жай жалға алып, NEMICHELIN атты кофехана ашуға шешім қабылдады. Осы уақыт ішінде олар ғимарат ішін толық жабдықтады, бизнестің ерекшеліктерін зерттеді, шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнатты.

Өз ісін дамытуда кәсіпкер, әрине, мінсіз қызметке, тағамның өзіндік ерекше дизайнына назар аударды. Кофехана сонымен қатар әртүрлі стильдегі ерекше дизайнмен ерекшеленеді.

Бизнесті одан әрі дамыту үшін биыл кәсіпкерлер жалға берілген үй-жайды сатып алу мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылдық 14%-дың 8%-ын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілдік ұсынуының арқасында кепілзат жеткіліксіздігі мәселесі де шешілді.

«NEMICHELIN» кофеханасының иелері мәзір жасап, өнім таңдауға өте жауапты қарайды. Бұл – тұтынушылардың да көңілінен шығады.

Инстаграм: @NEMICHELIN.uralsk

Орал қаласы, Абай даңғылы, 104

+7 775 412 17 32