«Авто Маркет» – сенің көлігіңе арналған әлем

Жаңалықтар
01.09.2021

«Отау» ЖШС – автокөлік базары Қарағанды облысындағы автокөлік, автокөлік бөлшектерін және басқа да тауарларды сататын жалғыз базар.

«Тоқсаныншы жылдардың соңында сауда-саттық қарқынды дами бастады. Автомобиль көлігі саласында тәжірибе болғандықтан, осы салада бизнес ашу туралы ой келді. 1996 жылы Қарағандыдағы алғашқы автокөлік базарын аштық. Компаниямыздың мақсаты – кәсіпкерлікке қабілеті бар адамдарды сауда орындарымен қамту болды. Сол үшін өзіміздің жылжымайтын мүлкіміз бен жер телімдерімізді кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасай отырып, жалға бердік» - дейді «ОТАУ» ЖШС директоры Жанат Ахметов.

Соңғы жылдары базарлар автокөліктер мен бөлшектерді сатудың жаңа форматтарына көшуде. Бұл – «Авто Маркет» сауда орталығын салу туралы шешім қабылдауға әсер етті. 2020 жылы «Нұрбанк» АҚ Қарағанды қаласындағы филиалына сауда-қызмет көрсету орталығының құрылысы үшін қаржы сұрап бардық. Банк жылына 14% мөлшерлемемен несие берді. Оны «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Даму» қоры ішінара субсидиялайды. Сөйтіп несиенің сыйақы мөлшерлемесі 6%-ға дейін төмендеді.

Компания жалпы көлемі 25 000 ш.м. болатын «Авто Маркет» ССО-ның екінші және үшінші кезегінің құрылысын жоспарлауда. 

Қарағанды қаласы, қала әуежайы ауданы, Стартовый 61/1