«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Қызылордада жаңа мектеп ашылды

Жаңалықтар
01.09.2021

«Келешек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылдан бастап Қызылорда облысындағы мұнай компаниялары үшін жолаушылар тасымалы қызметін, автобустар мен шағын автобустарды ұсынатын көлік ұйымы ретінде қызмет көрсетіп келді.

2020 жылы Қызылорда облысында үш орта мектептің құрылысы жоспарланып, облыс әкімдігінің бағдарламасына сәйкес, орта мектеп салатын инвестор тарту қажет болды.

Осыған байланысты «Келешек» ЖШС Қызылорда қаласы, Саяхат ықшам ауданында жоспардағы мектептердің бірін салу туралы ұсыныс білдірді. Қала әкімдігі мен білім бөлімі бұл ұсынысты қолдады.

20202 жылдың мамыр айында компания өз қаражатына осы мектептің құрылысын бастап кетті және құрылысты аяқтау үшін несие қажет болды.

«Даму» Қорының қолдауымен кәсіпкер «Басым жобаларды несиелеу механизмі» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Сбербанк» АҚ арқылы 338 млн теңге несие алды. Қор 75 млн теңге көлемінде кепілдік берді және пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялап, соның арқасында ақырғы пайыздық мөлшерлеме 6%-ды құрады.

Бүгінде «Ұлағат білім ордасы» атты жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 450 орындық білім ұясында 21 оқу кабинеті, дене шынықтыру, акт залы, кітапхана бар. Оқушыларға 33 педагог сабақ береді. Салтанатты шарада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асқан «Ұлағат білім ордасының» құрылтайшысы Қалқазбек Әжібеков пен мектеп директоры Досбол Аймухамбетов құттықтау лебіздерін жеткізіп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Байланыс телефоны: 8 701 775 1334

Адресі: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 7