Денсаулық - дәрігер мен науқастың бірлескен жетістігі

Жаңалықтар
02.09.2021

«Medi-AR» – Шымкенттегі заманауи көпсалалы медицина орталығы. Мұнда бір ғимаратта диагностика, ем және аурудың алдын алуды қамтамасыз ететін бірыңғай жүйе құрылған. 

Фото 7.JPG

Науқас көбінесе не сезінетінін, қалай және қай жері ауыратынын нақты түсіндіре алмай жатады. Мұндай жағдайларда мамандар диагностика процедураларына жібереді. «Medi-AR» медициналық орталығында бұл шаруаның бәрі бір жерде атқарылады. 

«Біздің барлық дәрігер пациенттің сауығып кетуі жолында бір-бірінің пікірін тыңдап, көмектесіп, толықтырып, талқылай келе ортақ шешімге келетін біртұтас ағза ретінде қоғамдаса жұмыс істейді» - дейді орталық жетекшісі Ғиззат Арынов. 

Медицина орталығы пациенттерге жоғары кәсіби медициналық көмек пен тамаша қызмет ұсынады. Мұнда стоматолог, дерматолог, гинеколог, невропатолог, терапевт, ЛОР, косметолог, массаж бөлмесі, емдеу бөлмесі және УДЗ/ЭКГ қызмет етеді. Міндетті медициналық сақтандыру аясында күндізгі стационар ретінде, сауықтыру емін және медициналық қайта оңалту қызметтерін көрсетеді. Міндетті медициналық сақтандыру аясында 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, зейнеткерлерге, 1,2,3 топтағы мүгедектерге тегін стоматологиялық көмек бар. 

2021 жылы «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында медорталық «Халық банкі» АҚ-нан құрал-жабдықтар сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға жылына 14%-бен несие алды. Оның 8%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

 «Medi-AR» ұраны: «Мықты денсаулық – дәрігер мен науқастың бірлескен жетістігі». 

Мекенжай: Шымкент қаласы, Шығыс м/а, 67/1.

Инстаграм: @medi_ar_clinic

тел: +7 702 433 23 33