Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің экономиканы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері

Жаңалықтар
03.09.2021

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің экономиканы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері» атты халықаралық форумды өткізу тұжырымдамасы

Кіріспе: Жаһандық жоспарда цифрландыру өмір мен өндірістің түрлі салаларына енгізілетін цифрлық технологияларға негізделген экономикалық қызметтің тұжырымдамасын білдіреді. Бұл тұжырымдама барлық елдерде кеңінен енгізілуде. Цифрландыру өндірісті дамытудың басым бағытына және орнықты дамудың қозғаушы күшіне айналуда. Өндірістің барлық секторлары мен деңгейлерінде цифрлық экономиканың дамуы айтарлықтай экономикада пайда алып, оның ішінде қоғамдық өндірістің мемлекеттік және жеке секторларында еңбек өнімділігінің өсуіне мүмкіндік береді.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі-ШОК) тұтастай алғанда елдің дамуында маңызды рөл атқарады. ШОК-тің қоғамның экономикалық өміріндегі рөлін асыра бағалау мүмкін емес: ол елдің өркендеуіне ықпал етеді, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттырады, салауатты бәсекелестікті қалыптастырады, инновацияның дамуына және көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етеді. Сондықтан кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін, оның ішінде цифрлық трансформация контексінде қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мемлекет тарапынан қолдау аса маңызды.

Осыған байланысты Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (бұдан әрі – АӨСШК) аясында экономиканы цифрландыру мәселелерін, мемлекеттік деңгейде және жеке секторда цифрландыру бағдарламаларын, цифрландыру процестерінің шок пен тұтастай экономиканы дамытуға әсерін талқылау, сондай-ақ тәжірибе алмасу және озық технологияларды қолдану арқылы цифрландырудың өзекті мәселелерін шешу үшін АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің өкілдері арасында ынтымақтастықты жолға қою маңызды болмақ. 

Форум тақырыбы: «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің экономиканы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері» 

Мақсаты: экономиканы цифрландыру саласында тәжірибе мен озық үлгілермен алмасу, талқылау 

Талқыланатын мәселелер

I-сессия – «АӨСШК»-ке мүше мемлекеттерде цифрландыру саласында қабылданып жатқан шаралар мен негізгі проблемалар»;

II-сессия – «Шағын және орта бизнесті цифрлық трансформациялауды ынталандырудағы мемлекеттің қолдау шаралары»;

III-сессия – «АӨСШК-ке мүше мемлекеттерде электрондық сауданы дамыту. Ынтымақтастық келешегі». 

Өтетін күні: 9.09.2021 жыл, 14:00 (GMT+6, Нұр-Сұлтан уақытымен). 

Формат: ZOOM платформасындағы видеоконференция 

Ұйымдастырушы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (http://www.damu.kz/).

Қатысушылар: АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің ұлттық экономиканы, сауданы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік органдарының, мекемелері мен ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдар. 

Қазақстан жағынан қатысатындар: «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холидинг» АҚ, ҚР «Атамекен» ҰКП, Kazakh Invest АҚ, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. 

Шара: ағылшын, орыс тілінде өтеді (синхрон аударма).

Шара бағдарламасын жүктеп алыңыз