«Сарыарқадан» көкке cамға

Жаңалықтар
03.09.2021

Шет елге, қалалар арасында саяхатқа шыққанда, туристер көбінесе ең жылдам және қауіпсіз көлік түрі – ұшақты таңдайды. Бүгін біз осыған тікелей қатысты жоба туралы табыс тарихын ұсынамыз.

Қарағанды ​​халықаралық әуежайы – Еуропа мен Азияны байланыстыратын әуе дәлізінің ажырамас бөлігі. Ұшақтардың барлық түрін қабылдайды және қызмет көрсетеді.

«Сарыарқа» әуежайы» АҚ – жоғары техникалық сипаттамалары бар заманауи әуежай кешені.

2019 жылы қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сай жер үсті өңдеу бойынша ISAGO сертификаты алынды. Бүгінде әуежай аумағында ішкі және халықаралық бағыттар бойынша жүктер мен жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады.

2020 жылы мамандандырылған машиналар мен жабдықтарды сатып алуға және күрделі жөндеуге «Сарыарқа» әуежайы» АҚ ForteBank АҚ арқылы қаржы алды. «Даму» қорының қолдауымен «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесі жылына 6%-ға дейін төмендетілді.

Компания болашақта әуежайдың жұмысын жақсарту бойынша жаңа жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау ауданы, Әуежай,

http://www.kgf.aero

Instagram: @karagandy_airport              

Facebook: Международный аэропорт Караганды