Көкшетауда «Буратино» атты жаңа орталық ашылды

Жаңалықтар
06.09.2021

Биыл 1 қыркүйектен бастап «Буратино» дамыту орталығы жаңа ғимарат есігін ашты. Орталық қала мектептерінде және Назарбаев Зияткерлік мектебінде (НЗМ) көп жыл еңбек еткен, бастауыш сынып оқытушысы Елена Иосифовна Бугаенконың бастамасымен Көкшетау қаласында 2014 жылдан бері жұмыс істейді.

Әу баста кәсіпкер 30 ш. м. үй-жайды жалға алып іс бастады. Содан кейін 2015 жылы 100 ш.м. үй-жайды сатып алды. Жобаны ол кезде «Сбербанк» АҚ ЕБ 11 млн теңге несиені 14%-бен, 5 жылға беріп қаржыландырды. «Даму» Қоры «БЖК 2020» бағдарламасы (2 бағыт) аясында 6,65 млн теңгеге кепіл болып, пайызын субсидиялады. Осылайша «Буратино» даму орталығы ашылған.

«Бізге өз ғимаратымызда орын жетіспеген соң, кеңею жайлы шешім қабылдадық. Алдымен өз үй-жайымызды сатып, бөлмелерді жалға алдық. Сонымен қатар жаңа ғимарат іздей бастадық. Жаңа бөлме табу оңай болған жоқ. Пандемия кезінде балаларды мектепке дейін даярлау мекемелеріне арнайы талаптар қойылады. Мысалы: орталық ғимараттың жертөле-қабатына орналаспауы керек, пандусы болуы шарт. Яғни, цоколь қабаттағы бөлмені алсақ - әлдеқайда арзан болар еді. Бірақ СЭС талаптарын бұза алмаймыз, өйткені біз балалармен жұмыс істейміз», - дейді Елена Иосифовна.

2021 жылы шілде айында Е.И.Бугаенко ЖК «Халық Банкі» АҚ-дан 35 млн теңге несиені 14%-бен, 7 жылға алды. «Даму» Қоры «БЖК 2025» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялады. Енді кәсіпкер несие бойынша 6% ғана төлейді, айырмасын Қор өтейді. Қосымша кепілдік те ұсынылды. Нәтижесінде 165 ш.м. үй-жай сатып алынып, жөнделді. Қосымша жабдықтар сатып алынды. Енді «Буратино» дамыту орталығы Көкшетау қаласы, Потанин көшесі 27б мекен-жайында.

7 жылдан бері «Буратино» орталығы балаларды мектепке даярлауда. Елена Иосифовна балаларды мектепалды даярлаудың өзіндік әдістемесін әзірледі. «Буратино» даму орталығының түлектері НЗМ мен қала гимназиясына түсу кезінде керемет нәтижелер көрсетуде. Барлығы 500-ге жуық түлек шықты. Балаларды оқыту кезінде логикалық ойлауды дамытуға, шығармашылыққа, сондай-ақ қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. 3,5-5 жас аралығындағы балалар үшін «Чиполлино» жеке тобы ашылды, онда мұғалімдер әр балаға жеке көңіл бөле алады. 

Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, С. Потанин көшесі, 27б Үй, н. п. 59

Тел. 87052072071

Instagram: @buratinokz