Тараз қаласында «Г.Х.Акрамова» ЖК мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау алды

Жаңалықтар
07.09.2021

«Г.Х.Акрамова» ЖК басшысы Акрамова Гузаль Хасанқызы 2020 жылы құрылыс жұмыстары саласында іс бастаған.

Сол жылы кәсіпкер каток, трактор, эвакуатор-манипулятор және т.б. арнайы тасымалдау техникаларын сатып алмақ болды. Себебі кәсіпкер құрылыс саласында бір нысаннан екінші жерге техника жеткізу қажеттілігіне үнемі тап болады.

2.JPG

Кәсіпкер «АТФ Банкке» эвакуатор сатып алу үшін жүгінді. Нәтижесінде жылына 14%-бен 5,5 млн теңге несие алып, «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 8%-ын «Даму» Қоры арқылы субсидиялады. Компания төлейтін соңғы мөлшерлеме жылына 6%-ды ғана құрайды. Сондай-ақ кепіл жеткіліксіз болғандықтан, Қор 4,6 млн теңгеге кепілдік берді.

Бүгінгі таңда Гузель Хасанқызының бизнесі табысты жүріп жатыр. Жақын арада қосымша бірнеше түрлі техника сатып алып, кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Тел. +7 776 602 02 84

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Байзақ батыр көшесі 186, 32-пәтер