Булки-Хауз – тәтті-дәмділер әлемі

Жаңалықтар
07.09.2021

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер Ұлболсын Ерубаева кәсіп ашарда немістің «Булки-Хауз» наубайханасының пісіру технологиясын мұқият зерттеді. Кейін уфалықтардан франшиза сатып алды. Бұл саладағы білімін нығайту үшін ол башқұрт аспаздарын Атырауға шақырды. Олар қызметкерлерді оқытып, немістің нан пісіру құпияларын паш етті.

«Менің бизнестегі алғашқы қадамын ғимарат жалдаудан басталды. Әрине өмір болған соң қиындықтар да болады. Менің бес жасар балам сал ауруына шалдыққан. Сондықтан менің әлсіз болуға мүмкіндігім болмады. Тек өз еңбекқорлығымның арқасында қазір Атырауда екі жеке аспаздық дүкенім бар. Неміс нан пісіру технологиясын сақтау үшін мен осы күнге дейін Ресейден ингредиенттер сатып алып келем. Атырау облысының тұрғындары арасында сұраныс күннен күнге артып келеді», - дейді Ұлболсын Ерубаева.

Бүгінде «Риза» ЖК Атырау облысы тұрғындарына нан өнімдерінің 30 түрін, тәтті-дәмділердің 100 түрін ұсынады. Бір айта кетерлігі, пандемия мен карантин кезінде «Риза» ЖК компаниясы үзіліссіз жұмыс істеп, аз қамтылған отбасыларға жаңа піскен тағамдарды ақысыз жеткізіп отырды.

Негiзгi құралдар сатып алу керек болғанда «Риза» ЖК «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы несие алып, оны «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялап, сыйақы мөлшерлемесін 6 пайызға түсірді. Қордың кепілдігі несие сомасының 85 пайызын құрады.

Адрес: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 64/9.

Байланыс тел: +7 775 654 66 99; +7 778 051 31 11

Инстаграмм: @bulki_house_atyrau