Ortho-Life – әдемі күлкінің отаны

Жаңалықтар
08.09.2021

Прогресс бір орында тұрмайды. Мұны өмір дәлелдеді. Өмірдің бар саласы күн сайын жаңарып, жақсарып отырады. Оның ішінде стоматология саласы да бар. Өйткені бұл қызмет әр адамның өмірінің бір бөлігіне айналды. Кез келген науқас тіс дәрігерін кәсіби деңгейіне қарай таңдайды.

Ортодонтия, имплантация, протездеу саласында мол тәжірибесі бар дәрігер Денис Кузнецов 2018 жылы Атырауда «Стоматологическая клиника Ortho-Life» ЖШС ашты.

Кәсіпкер құрал-жабдықтар сатып алар кезде «Jýsan Bank» АҚ арқылы 14% сыйақы мөлшерлемесімен несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 8%-ын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» қорының кепілдігі де берілді.

Қазіргі кезде емханада тәжірибелі стоматолог-терапевтер, ортодонттар, хирургтар, имплантологтар жұмыс істейді, олар медициналық тәжірибесі мол және Атырау облысы тұрғындары арасында үлкен сенімге ие. Мұнда емдеу, тісті жою, протездеу, тістерді тазарту, имплантациялау, әр түрлі тіс патологияларын түзету бойынша қызмет көрсетіледі.

«Компанияның тұрақты клиенттері бар. Командада өз саласының кәсіби мамандары жұмыс істейді. Мемлекеттен алынған қаржылық қолдау нақты, емдеудің жаңа технологияларын қолдануға, қызметкерлерді оқытуға және жаңа жоспарлар жасауға мүмкіндік берді»,-дейді Денис Кузнецов.

Мекенжайы; Атырау қаласы Абай к-сі, 28А.

+7 705 132 64 09; +7 702 028 48 41

Инстаграм: @Ortolife_atyrau