Оралдағы №1 нан зауыты

Жаңалықтар
09.09.2021

Қазақстан – шай ішу дәстүрі қалыптасқан ел. «Бір шәугім шай – ағайынның бөлінбеген еншісі» деп қарайтын халық дастарханды, нанды кие тұтқан. Ас үстеліне жиналғанда кеңесіп, мәжіліс құрып, отбасы жоспары мен тәрбиесінің бір бөлігін атқарып тастайтын ерекшелігі де бар. Бұл – қазақ жерін мекендеген басқа ұлттарға да жұққан.

Қазір дүкен сөрелерінде алыс-жақын елдер шығаратын тәттілердің барлық түрі самсап тұр. Соған қарамастан, Батыс Қазақстан облысының тұтынушылары дастарханға жергілікті өндіруші «Хлебозавод №1» шығаратын нан-тоқаш өнімдерін қойғанды ұнатады.

Орал қаласының ескі кәсіпорындарының бірінің иесі, кәсіпкер Хамзат Исаев зауытты қайта жаңғыртып, жаңа технологиялар енгізудің арқасында өнім түрін бірнеше есе арттырды. Технология жаңарғанмен, халық сүйіп жейтін тағамдардың рецепті өзгеріссіз қалды. Соның арқасында тұрақты тұтынушылар Қазақстанның батысында ғана емес, одан тыс жерлерде де көбейіп келеді.

Айналым қаражатын ұлғайту керек болған кезде кәсіпкер «Нұрбанк» АҚ арқылы 2019 жылы 14%-бен несие рәсімдеді. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясындаоның бір бөлігін «Даму» Қоры субсидиялайды. Сондай-ақ, кепілдік жеткіліксіздігі мәселесі де Қордың арқасында шешілді.

Қазір кәсіпорын өнімдері ірі көлемде Атырау, Ақтөбе, Құлсары қалаларында ғана емес, сонымен қатар Бузулук, Тольятти, Бугуруслан, Набережные Челны сияқты басқа да шет жерлерде сатылады.

Мекенжай: Орал қаласы, Назарбаев даңғылы 246; +7 7112 51 84 28