Маңғыстау облысында «PORT Aktau» сауда орталығы ашылды

Жаңалықтар
02.09.2021

Нұрмұхамбетов Джасан Рахмедназарұлы 2014 жылы кәсіпкер ретінде тіркеліп, қызмет атқарып келеді. Негізінен жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқарумен айналысады.

Нарықты зерттей келе, қала аумағы жыл өткен сайын өсіп келе жатқанын және жылжымайтын мүлікті жалға беру, сауда орталықтарына деген сұраныс әрқашан тоастамайтынын түсінген кәсіпкер 2020 жылы «PORT Aktau» атты заманауи сауда орталығының құрылысын бастады.

Жобаны «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қолдады. Атап айтқанда, кәсіпкердің субсидияның арқасында несиесін 6%-дық мөлшерлемесімен төлеп келе жатыр.

Қазіргі таңда үш қабатты, жалпы ауданы 4 614,3 ш.м. ғимарат салынып, іске қосылды. «PORT Aktau» сауда орталығы қала тұрғындары үшін ыңғайлы жерде орналасқан. Кешеннің барлық алаңдары барынша жайлы және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең заманауи технологиялық стандарттарға сай жабдықталған.

Жаңа сауда орталы жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етті.

+7 701 222 29 43

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 12 ш/а, учаске №5.